Триатлоннан Қазақстан құрамасы Әл-Хобарда (Сауд Арабиясы) өткен триатлоннан (спринт) Азия чемпионатында екі жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Екатерина Шабалина алтыннан алқа тағынды. Екіншісі – қытайлық Синью Линь (Қытай). Бейли Браун (Гонконг) мәреде үшінші болды.

Ерлерде Аян Бейсенбаевқа тең келер ешкім болмады. Джейсон Тай Лонг (Гонконг) күміспен аяқтады. Жапондық Гента Учида үшінші нәтиже көрсетті.