Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Өзбекстанға келді, ол келесі жекпе-жегін 17 қарашада өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрсұлтанов Instagram Stories парақшасында «Ташкент, Өзбекстан» деген геотегпен қонақүй бөлмесінің терезесінен түсірілген видеоны жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Мейірімнің қарсыласы чилилік Хулио Аламос (16-1, 9 КО) болады, ал жекпе-жек WBC іріктеу турнирі мәртебесіне ие болады. Шара осы күндері Ташкентте өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс кеңесінің конвенциясы аясында өтеді.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов қазіргі уақытта Boxrec.com нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшысы - ол өз отандастары арасында pound-for-pound рейтингінде көш бастап тұр.