Эритрея құрамасы футболшылар қашып кетеді деп қорқып, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшылар іріктеу кезеңіндегі алғашқы екі ойынға үш ай бойы дайындалған, бірақ қазан айының соңында турнирге қатыспайтыны туралы хабарланған.

Басты себеп – футболшылардың ұлттық құраманың сырттағы ойындарын пайдаланып қашып, саяси баспана сұрауына жол бермеу.

Эритрея ұлттық футбол федерациясының кейбір өкілдері Спорт және мәдениет министрлігін командаға турнирге қатысуға рұқсат беруге көндірмек болды, бірақ олар бас тартты.

Айта кетейік, Эритрея құрамасы 2020 жылдан бері халықаралық матчтарға қатыспаған.