14 қаңтарда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night турнирінде жартылай ауыр салмақта (93 келіге дейін) Магомед Анкалаев пен Джонни Уокер арасындағы реванш өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, файтерлер арасындағы жекпе-жек қазан айында Әбу-Дабидегі (БАӘ) UFC 294 турнирінде өтіп, бірақ жекпе-жектің нәтижесі есепке алынбады.

Анкалаев қарсыласының басынан ережеге сай емес соққы жасап, содан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Жекпе-жектен кейін екі спортшы да реванш өткізуге дайын екендіктерін айтты.