«Баварияның» жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих қыста мюнхендік клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

Todofichajes мәліметінше, 28 жастағы ойыншыға «Барселона» қызығушылық танытып отыр. Келісім 80 миллион еуроға жасалуы мүмкін.

Киммих «Бавария» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ойыншы 16 матч өткізіп, 6 нәтижелі пас берді. Оның келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Transfermarkt порталы ойыншының құнын 75 миллион еуроға бағалап отыр.