«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски каталониялық командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Todofichajes мәліетінше, польшалық шабуылшысы карьерасын Сауд Арабиясында, АҚШ-та немесе Германияда жалғастыруы мүмкін. Германияда футболшыға «Боруссия» қызығушылық танытып отыр, ойыншының өзі де клубқа қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бірақ «Барселона» жақын арада Левандовскимен қоштасқысы келмейтіні айтылған.

13 турдан кейін «Барселона» 30 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Команда көш басындағы «Жиронадан» төрт ұпайға қалып тұр.

Осы маусымда Левандовски барлық турнирлерде 14 матчқа қатысып, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.