«Ақтөбе» қорғаушысы Лука Гадрани жақын арада «Қайрат» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты JAY Sport telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Грузиялық қорғаушы «Ақтөбемен» келісімшарты аяқталған соң алматылық клубқа ауысуға шешім қабылдады.

Ол «Қайрат» сапында командадан кетуі ықтимал Маки Баньяктың орнын басады.

2023 жылы «Тараздан» кеткен соң Гадрани «Қайратқа» ауысуы мүмкін еді, бірақ ол мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруды шешті», - деп жазды дереккөз.