Ресейлік бұрынғы UFC файтері Хабиб Нурмагомедов 2020 жылы шілдеде қайтыс болған әкесі Абдулманап қай футбол клубын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әкем «Спартак» жанкүйері болатын», - деп жазды Хабиб әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бір күн бұрын Хабиб Нурмагомедов РПЛ 15-туры аясындағы «Спартак» - «Ростов» (2:1) кездесуін тамашалады.

Мәскеулік команда Хабибке ММА-дағы жеңісті сериясының құрметіне «29-0» нөмірлі жейде сыйлады.