Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар имиджін өзгертті. Футболшы түбегейлі өзгерістер туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неймар қысқа шашпен түскен суретін жариялады. «Жаңа көрініс», - деп жазды ойыншы.

Айта кетейік, «Аль-Хиляль» сапында өнер көрсететін Неймар қазір тізесінің жарақатынан айықты, бірақ маусымның қалған бөлігінде алаңға шықпайды.