Counter-Strike 2-ден FaZe Clan командасы CS2 Asia Championships 2023 финалында MOUZ командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:0 есебімен аяқталды (Mirage-да 13:7 және Nuke-де 22:18). Финн karrigan Андерсеннің командасы чемпионатта жеңіске жетіп, 250 000 доллар табыс тапты. Екінші финалист 100 мың доллар алды.

ENCE мен Astralis 3-4 орындарды иеленіп, әрқайсысы 50 мың доллардан табыс тапты.

CS2 Asia Championships 2023 турнирі 8-12 қараша аралығында Шанхайда өтті. Жалпы жүлде қоры 500 мың долларды құрады.