Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақ стилі» келесі жылы тағы бір титул жеңіп алмақ.

«Мамырда WBO чемпиондық титулымды нокаутпен қорғадым, күзде IBF чемпионын жеңдім. Қазір екі чемпиондық титулым бар және 2023 жылы орта салмақтағы ең белсенді чемпионмын. Келесі жылы тағы бір белбеуім болады», - деп жазды ол Twitter-де.