WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мамыр айында чемпиондық титулымды (WBO) нокаутпен қорғадым, ал күзде әлем чемпионын (IBF) жеңдім. Менің екі чемпиондық титулым бар және орта салмақтағы ең белсенді чемпионмын! Келер жылы тағы да чемпиондық атағыма ие боламын, иншалла!» - деп жазды Әлімханұлы твиттерде.

Айта кетейік, қазан айының соңында Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді мерзімінен бұрын жеңіп, IBF чемпионы атағын алды.