ҚФФ баспасөз қызметі Бактиер Зайнутдиновтің жарақатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» – «Истанбул Башакшехир» матчында ауыр жарақат алды, оның ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатысуы екіталай болып тұр.

Дәрігерлердің қорытындысы шыққаша Бақтиердің жарақаты қанша ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Жақын арада Бактиердің қал-жағдайы туралы хабарлаймыз.

Әзірше Бахаға тезірек сауығып кеткенін тілейміз!».