Қазақстандық ММА файтері Нұрберген Шәріпов 16 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әзірге тыныш. Күтеміз... Желтоқсанның 16-сы күні Алматыда жекпе-жек өткізуіміз керек еді, бірақ ол өтпейтін болды. Енді жаңа жылдан кейін шығар», - деді Шәріпов.

23 қазанда Шәріпов (10-3) бұрынғы UFC файтері Дамир Исмағұлов пен Қуат Хамитов та 16 желтоқсанда өнер көрсететінін айтқан.

Айта кетейік, Шәріпов кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы 16 наурызда Атырауда өткізді, Mergen FC 4 турнирінде ол қырғызстандық Қанат Келдібековты (21-8) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.