Қазақстандық спортшылар 2024 жылғы Париж Олиммпиадасына он екінші жолдамаға ие болды. Мұндай мүмкіндікке садақ атудан ерлер құрамасы қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен садақ атудан Азия чемпионатында олимпиадалық садақ атудан еліміздің ерлер құрамасы күміс жүлдегер болды. Нәтижесінде Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.

Беделді бәсекеде ел құрамасы сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түсті. Ұлттық құрама финалға дейін Жапония, Үндістан және Қытайдың Тайбэй құрамасын артта қалдырып кетті.

Қазақстан былтыр Олимпия ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылған соң, жолдамаға иелік еткен алғашқы ел атанды. Себебі құрлық чемпионы атанған Оңтүстік Корея спортшылары бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындарында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді.

Айта кетейік, қазақстандық мергендер 1996 жылдан бері Жазғы Олимпиададан сырт қалған емес. Ал Токио Олимпиадасында ерлер құрамасы толық құрамда бақ сынады.