Башқұртстан астанасы Уфа қаласында бокстан әйелдер арасында Ресей чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform.

Ресей бокс федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, сегіз күнге созылған додаға 49 өңірден 174 спортшы қатысып, бақ сынады. Омбылық қазақ қызы Салтанат Меденова 81 кг салмақта үздік шықты.

Салтанат жартылай финалда екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері, дағыстандық Зенфира Магомедалиевадан төрешілердің бірауыздан шешімімен айласын асырды.

Соңғы бәсекеде қазақ қызы нижегородтық Евгения Молочкованы үшінші раундта екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен ұтты – 5:0.