Қарашаның 11-нен 12-не қараған түні Нью-Йоркте аралас жекпе-жектен UFC 295 нөмірлі турнирі өтіп, оның негізгі сайысында чех Иржи Прочазка мен бразилиялық Алекс Перейра жекпе-жек өткізді. Турнир қорытындысы бойынша сыйақы иелерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің ең үздік жекпе-жегі үшін 50 мың доллар сыйақыны әзірбайжандық Назим Садихов пен ресейлік Вячеслав Борщев алды, олар жекпе-жекті төрешілер дауысымен тең аяқтады (29-28 - Борщев, 28-28, 28- 28).

Сондай-ақ Диего Лопес, Бенуа Сен-Денис, Джессика Андраде, Том Аспиналл және Алекс Перейра кештің үздік өнер көрсеткені үшін сыйақы алады.