Жеңіл салмақта Қазақстан OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Дамир Төленовтың (10-1) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Бразилия өкілі Эдсон Аморим (9-4-1) болды. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді және «қазақ Cехудосының» мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі алғашқы шайқасы болады.

Еске салайық, Төленов OCTAGON 50 турниріндегі алдыңғы жекпе-жегінде күтпеген жерден бразилиялық Клаудесси Бритодан (9-2) мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын.