Оманның астанасы Маскатта әуесқойлар арасында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жарыс Швейцария жүйесі бойынша өтті. Онда Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 2-орынға табан тіреді.

23 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Әбілмансұр Абдулқайыр (ерлер) және Арнаш Бауыржан (әйелдер) чемпион атанды. Чемпионаттың үздік құрамасы 6 медалі бар (оның 4-еуі алтын) Моңғолия болды. Жүлделі үшінші орынды Үндістан құрамасы (2 күміс, 1 қола) иеленді.

FIDE ұйымдастырған әлем чемпионаты 3 жас санатында (U17, U20, U23) өтті.