Палестинаны қолдайтын белсенділер жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Джамал Хилл мінген автобусқа шабуыл жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз қала орталығынан кетуге тырыстық, бірақ бізге наразылық білдірушілер шабуыл жасады. 300 адам жолды жауып, автобусты қоршап, бүйірдегі терезені сындырған.

Менің бетіме бірдеңе ұшып келді. Мұны істеген бір жігіт есімде. Егер мен оны көшеде көрсем, жағын сындырамын», - деді Хилл әлеуметтік желіде жарияланған видеода.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашаға қараған түні Нью-Йоркте UFC 295 турнирі өтеді, Иржи Прочазка мен Алекс Перейра негізгі жекпе-жекке шығады. Турнирдің негізгі жекпе-жегінде ресейлік ауыр салмақтағы Сергей Павлович британдық Том Аспиналлмен уақытша титул үшін жұдырықтасады.