Сәбит Жүсіпов жеңіске жеткеннен кейін AMC Fight Nights лигасының президенті Камил Гаджиев келер көктемде Қазақстанда турнир өткізуге уәде берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гаджиев Сәбит пен Магеррам Гасанзаде теке-тіресіне нүкте қойғысы келетінін айтты, әзербайжандық файтер жарақатына байланысты Мәскеуде өнер көрсете алмады.

Айта кетейік, Fight Nights Global 2017 және 2018 жылдары Қазақстанда төрт турнир өткізген - Астанада екеу, Алматыда екеу. Үш турнирде Жалғас Жұмағұлов, тағы біреуінде Қуат Хамитов басты жекпе-жекте өнер көрсетті.