«Бешикташ» командасына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа бапкер 60 жастағы Риза Чалымбай. Бүкіл мансабында (1980-1996) «Бешикташ» сапында ойнап, 6 рет Түркия чемпионы атанды.

Чалымбай 2005 жылы «Бешикташты» жаттықтырып 18 кездесуде жеңіске жетіп, 7 рет тең ойнап, 5 рет жеңілген.

Оның кейінгі клубы «Сивасспор» болды, онымен бірге 2022 жылы ел кубогын жеңіп алды.

Айта кетейік, бір ай бұрын «Бешикташ» Шенол Гюнештің отставкаға кеткенін жариялаған, оның орнына Бурак Йылмаз келді.

Түркия Суперлигасында команда 5-орында, ал Конференция лигасы тобында соңғы орында.