Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Еуро-2024 іріктеу кезеңінің қараша айындағы матчтарына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялықтар 16 қарашада Лихтенштейн құрамасымен, 19 қарашада Исландиямен ойнайды.

Тізімге 26 ойыншы кірді:

Қақпашылар: Диогу Кошта («Порту»), Жозе Са («Вулвергемптон»), Руй Патрисиу («Рома»);

Қорғаушылар: Диогу Дало («Манчестер Юнайтед»), Жоау Канселу («Барселона»), Нелсон Семеду («Вулверхэмптон»), Антониу Силва («Бенфика»), Гонсалу Инасиу («Спортинг»), Пепе («Порту»), Тоте Гомеш («Вулверхэмптон»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»);

Жартылай қорғаушылар: Жоау Пальинья («Фулхэм»), Рубен Невеш («Аль-Хиляль»), Жоау Невеш («Бенфика»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Отавио («Аль-Наср»), Витинья («ПСЖ»), Матеус Нунес («Манчестер Сити»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Жоау Феликс («Барселона»), Рикарду Орта («Брага»), Диогу Жота («Ливерпуль»), Педру Нету («Вулверхэмптон»), Брума («Брага»);

Шабуылшылар: Рафаэл Леау («Милан»), Криштиану Роналду («Аль-Наср»), Гонсалу Рамуш («ПСЖ»).