Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (15-0, 10 КО) Брайтонда (Англия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол аргентиналық Серхио Мартин Созамен (13-3, 3 КО) жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ Заурбек алтыншы раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Заурбек кәсіби мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Эдинбургте (Шотландия) өткен бокс кешінде Сұлтан Заурбек жеңіліп көрмеген испаниялық Джон Картерді үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын.