Танымал қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай биылғы жылдың желтоқсан айында «Нашего Дела» поп ММА промоушені аясында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық спортшының қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Қасымбай соңғы жекпе-жегін осы жылдың маусым айында Алматыда өткен Nomad FC промоутерлік турнирінде ресейлік Никита Солонинмен өткізген болатын. Бұл текетіресте Мұратбек бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жетті.