«Қайрат» U-17 командасы Алматыда өткен турнирдің финалында ресейлік «Зенит» U-17 ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қайрат» командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Алматы қаласында 6-10 қараша аралығында Сейілда Байшақовты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті.

Жарысқа «Қайрат» U-17 (Қазақстан), «Зенит» U-17 (Ресей), «Пахтакор» U-17 (Өзбекстан) және «Насаф» U-17 (Өзбекстан) ұжымдары қатысты.

Турнирдің финалында алматылық «Қайрат» U-17 мен ресейлік «Зенит» U-17 ұжымдары кездесті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матч соңындағы пенальти сериясында «Қайрат» командасының жасөспірімдері 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сейілда Байшақов - ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, КСРО спорт шебері және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы болған.