Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Севильяда (Испания) өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева словениялық Тамара Зиданшекпен кездесіп, 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде словениялық спортшы екінші партиядан кейін матчты жалғастырудан бас тартты.

Матч 1 сағат 19 минутқа созылды. Қазіргі уақытта текетірес есебі 1:1.

Бұған дейін Анна Данилина Кая Юваннан 1:6, 0:6 есебімен жеңілген болатын.

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы Аустралия құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.