Four Four Two басылымы Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік матчты таңдады.

Басылымның нұсқасы бойынша, 2005 жылы өткен Чемпиондар лигасының финалы үздік матч деп танылды. Стамбулда өткен финалдық матчта италиялық "Милан" мен ағылшынның "Ливерпуль" командалары кездескен.

Бірінші таймнан кейін ағылшын командасы 3:0 есебімен алға тұрған еді, алайда екінші таймда италиялықтар таразы басын теңестіріп кетті. Десе де пенальти сериясында "Ливерпуль" басым болды.