10 қарашада Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг Кубогы топтық кезеңінің финалдық раундында Словениямен кездеседі.

Матч елорда уақытымен 15:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көретеді.

Қазақстан құрамасы сапында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағандықова өнер көрсетеді.