Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының топтық кезеңінде Аустралия құрамасынан 1:2 есебімен қалып келеді, деп хабарлайды Prosport.kz.

Турнир Севильяда (Испания) өтіп жатыр.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина Билли Джин Кинг кубогының топтық кезеңінде Аустралиямен текетірестің үшінші кездесуінде жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары Эллен Перес пен Сторм Хантер болды. Кездесу 6:1, 4:6, 10:5 есебімен аустралиялық теннисшілердің пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан В тобында ойнайды, онда біздің құрама 10 қарашада Словениямен кездеседі.

Бұл кезеңде 12 команда төрт топқа бөлінеді (әрқайсысында үшеу). Әр топтан бір үздік команда жартылай финалға өтеді.

Турнирдің жүлде қоры 9,6 миллион долларды құрайды.