Deep Strike деп аталатын жасанды интеллект қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) арасындағы екі бірдей даулы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады.

Төрешілер шешімі мен жасанды интеллекттің қорытындысы сәйкес келмейді. 2017 жылы өткен екі боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталып, соңы дауға ұласқан еді. Deep Strike бұл жекпе-жекте отандасымыз айқын жеңіске жетті деп санайды. Араға бір жыл салып қайта өткен қарымта кездесуде де GGG жеңіске жеткені жайлы шешім шығарған.

Жасанды интеллект шешімі бойынша бірінші жекпе-жекте Гена 49-да 24% көрсеткішімен басым болған. Екінші жекпе-жектегі пайыздар көрсеткішінде де 32-де 30% нәтижесімен отандасымыз алда болып шыққан.

Геннадий Головкин қосымша көрсеткіштер бойынша да қарсыласынан басым болған.

Бағдарлама тек статистиканы ғана түзіп қоймай, боксшылардың әр қимылына да сараптама жасайды.