Қазақстандық кәсіпқой боксшы 34 жастағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО) келесі жекпе-жегін 25 жастағы доминикандық Мичела Ривераға (25-1, 14 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар 25 қарашада Лас-Вегаста Showtime бокс кешінде кездеседі. Турнирде сонымен қатар Давид Бенавидес пен Деметриус Андраде, Джермалл Чарло мен Хосе Бенавидес және Сабриэль Матиас пен Шохджахон Эргашев арасындағы жекпе-жек өтеді.

Липинец кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың тамыз айында өткізіп, WBC Silver белбеуі үшін америкалық кіші Омар Фигуэроаны (28-3-1, 19 КО) жеңген болатын.