Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогының финалдық турниріне арналған баспасөз мәслихатында керемет көңіл-күйде екенін көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі жариялаған виедодан елдің екінші ракеткасы Тиматидің танымал әуеніне қосылғанын көруге болады.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы В тобында бақ сынайды, Аустралия (9 қараша) және Словения (10 қараша) құрамаларымен кездеседі.

Ел құрамасы сапында Путинцевадан бөлек әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Анна Данилина, Аружан Сағандықова және Жібек Құламбаева өнер көрсетеді.