«Барселона» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталондықтар сырт алаңда «Шахтерден» ұтылды. Матч Гамбургте өтті.

Украиналық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз гол матчтың 40-минутында соғылды, ол кезде Украина құрамасының шабуылшысы Даниил Сикан cоқты.

Осылайша, 9 ұпаймен «Барселона» Н тобында 1-орында қалды. «Шахтер» 6 ұпай және 3-ші орынға ие болды.