Ресейлік теннисші Александр Шевченко мен қазақстандық спортшы Александр Бублик Мецтегі турнирдің жұптық сынында бірінші айналымда финляндиялық Арри Хелиоваара мен германиялық Андреас Мистен 6:3, 6:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 53 минутқа созылды.

Келесі айналымда Хелиоваара мен Мис жұбы Дэн Аддед/Джонатан Эйссерич (Франция) мен Хьюг Бланшет/Маттео Мартино (Франция, WC) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, осы турнир алдында Қазақстанның үздік теннисшісі Парижде (Франция) өткен «Мастерс» сериясындағы турнирдің 1/16 финалдық кезеңде жеңіліп, турнирдегі өнерін аяқтаған болатын.