«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси «Севильяның» жартылай қорғаушысы Иван Ракитичті өз командасында көргісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tribalfootball.com сайтына сілтеме жасап.

Аргентиналық ойыншы бұл туралы Майами клубының басшылығына айтқан.

Бұған дейін футболшылар «Барселонада» бірге ойнаған. Хорватқа қазіргі командасында қалу үшін жалақысын азайтуға тура келеді. МЛС ұсынысы оны қызықтыруы мүмкін.