«Интердің» қорғаушысы Бенжамен Павар Италия чемпионатының 11-турындағы «Аталантаға» қарсы матчта (2:1) ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы биыл алаңға шықпауы мүмкін.

RMC Sport мәліметінше, француз тізе буынын шығарып алған. Футболшы алаңға желтоқсанда немесе қаңтарда оралуы мүмкін.

Павар «Интерге» өткен жазда «Бавариядан» ауысқан. Трансфер құны 30 миллион еуроны құрады. Осы маусымда 27 жастағы орталық қорғаушы барлық турнирлерде 10 матч өткізді.