Қарағандылық «Сарыарқаның» ресейлік шабуылшысы Даниил Апалков елордалық «Барысқа» ауысу үшін Астанаға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өте құпия сақталған трансфер белгілі болды! Жақында «Барыс» бұл тарихи көшті ресми түрде жариялайды.

«Басты мұзда» бағдарламасы «Барыстың» жаңа бас менеджері Олег Болякиннің бұл ауысуды жеке өзі талап еткенін де білді», - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Даниил Апалков сұхбаттарының бірінде ойынға тәуелділігін мойындаған болатын.