Ига Швентек финалдық турнирде жеңіске жетіп, рейтингте бірінші орынға оралды және әйелдер турының көшбасшысы ретінде өзінің 76-шы аптасын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, поляк теннисшісі WTA рейтингінде екінші жыл қатарынан бірінші орында келеді, сонымен қатар Возняцкиден (2010-2011) кейін бұл жетістікке жеткен ең жас теннисші.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Швентек Канкунда (Мексика) өткен WTA финалдық турнирінде финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:1, 6:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, поляк теннисшісі қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (4-орын) WTA турындағы басты қарсыласы.