7 қарашаға қараған түні Англия Премьер-лигасында көп күткен матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир кестесінде көш бастап келген «Тоттенхэм» өз алаңында «Челсиді» қабылдады. 6-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Деян Кулушевски есеп ашты. Қонақтар 35-минутта есепті теңестіре алды: Коул Палмер пенальтиден гол соқты.

Екінші таймда «Челси» шабуылшысы Николас Джексон хет-трик жасады (75, 94 және 97 минуттарда).

Нәтижесінде кездесу 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Тоттенхэм - Челси 1:4

Голдар: Кулушевски 6 - Палмер 35 пенальтиден, Джексон 75, 90+3, 90+7