Неміс киберспортшысы Даниэль Stormstormer Шоетзау Dota 2-ден Entity командасының негізгі құрамынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым Stormstormer-ге басқа клубтардың ұсыныстарын қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы клуб әлеуметтік желілерде хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Әлімжан watson Исламбеков құрамдағы өзгерістер туралы хабарлаған болатын.

Stormstormer Entity сапында 2021 жылдың қараша айынан бастап өнер көрсеткен. Ойыншымен бірге команда PGL Arlington Major 2022, ESL One Malaysia 2022, The Lima Major 2023 және DreamLeague Season 21 чемпионаттарында топ-6 орындарды иеленген. Сондай-ақ команда The International турнирінде екі рет 9-12 орындар алған.