Танымал қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков (16-5) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ермеков 10 қарашада Мәскеуде өтетін Fight Nights Global турнирінде ресейлік Дмитрий Арышевпен (14-8-1) кездесіп, промоушеннің орта салмақтағы уақытша титулын сарапқа салуы керек еді. Бірақ файтер әлеуметтік желіде бұл кеште өнер көрсетпейтінін мәлімдеді.

«Жарақатыма байланысты бұл турнирде өнер көрсетпеймін», - деп жазды қазақстандық файтер Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетейік, Ермеков кейінгі жекпе-жегін биыл маусымда өткізген болатын. NFC 52 & Ural FC 3 - Naiza Fighter Championship 52 бірлескен турнирінде қазақстандық файтер ресейлік Руслан Шамиловті (11-5) жеңіп, екі лиганың белбеуін иеленген алғашқы файтер атанған.

Фото: ашық дереккөзден