Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз айдынында «Ак Барсты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

4 қарашада командалар Қазан қаласында кездесті. Матч алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Матч барысында қазақстандық клуб 0:3 есебімен алға шыққанымен, басымдығын сақтай алмады. Нәтижесінде қарсылас команда 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта елордалық клуб 28 ойын өткізіп, 23 ұпай жинады, ал «Ак Барста» 26 ойыннан кейін 36 ұпай бар.

«Барыс» — «Ак Барс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:30-да басталады. Матчты мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.