Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегі алдында дайындық жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты DAR PRO TEAM-ге сілтеме жасап.

«DAR PRO TEAM файтері Шавкат Рахмонов Флоридадағы «Kill Cliff» жаттығу залында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр», - деп жазды команда парақшасы.

Айта кетейік Рахмонов келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде өткізеді, қарсыласы - америкалық файтер Стивен Томпсон.