Исламабадта (Пәкістан) таэквондодан G2 Азия ашық чемпионаты халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық таэквондошылар 13 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 1 күміс және 7 қола.

Наргиз Қойшыбекова (-46 келі), Мария Севостьянова (-57 келі), Жавохирхан Исламов (-58 келі), Нұрай Хусайнова (-67 келі) және Жансель Дениз (+73 келі) чемпион атанды.

Айдана Еділбаева (-46 келі) турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Қола жүлделерді Арайлым Асқарова (-57 келі), Самирхон Абабакиров (-58 келі), Жадыра Хайруллина (-67 келі), Бексұлтан Мұсахан (-68 келі), Эльдар Бірімбай (-68 келі), Диана Әбсенова (-73 келі), Нұрбол Ерсайнов (-87 келі) иеленді.