«Астана» бас бапкері Олег Киселев ВТБ Бірегей лигасыныда МБА командасынан (78:101) жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі vtb-league.com сайтына сілтеме жасап.

– МБА-ны лайық жеңісімен құттықтаймын. Әзірге бізде бастапқы бестіктің қарқынын сақтап тұратын ротация жеткіліксіз. Бүгін 27 ұпай жинаған Тимофей Якушинді тоқтата алмадық. Екінші кезеңде біз жақсырақ көріндік, бірақ түбегейлі өзгерту қиын болды. Қазір өте тығыз кесте бойынша ойнап жатырмыз, енді бұл матчты ұмытып, «Локомотив-Кубань» командасымен өз алаңымыздағы ойынға дайындалу керек, - деді Киселев.