«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасының матчында мәскеулік МВА командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде 101:78 (35:19, 24:20, 27:18, 15:21) есебімен МВА жеңісіке жетті.

27 ұпай жинаған МВА шабуылшысы Тимофей Якушин кездесудің үздік ойыншысы атанды. Ал «Астананың» үздік ойыншысы – 22 ұпай жинаған шабуылшы Ройс Хэмм.

Айта кетейік 9 қарашада «Астана» өз алаңында краснодарлық «Локомотив-Кубань» командасын қабылдайды.