Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Ноксвиллдегі турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші іріктеу кезеңінде Дмитрий АҚШ теннисшісі Стефан Козловты – 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 58 минутқа созылды.

Отандасымыз турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін германиялық Матс Розенкранцпен кездеседі.