UFC вице-президенті Дэвид Шоу ресейлік файтер, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевтің октагонға оралуы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін БАҚ Махачев 2024 жылдың қаңтарында бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы реванш өткізуі мүмкін деп жазды.

«Менің ойымша, Дана Уайт Махачев пен Оливейра арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға ниетті. Бірақ біз бұл ақпаратты растай алмаймыз және Исламның жекпе-жек күнін айта алмаймыз. Дегенмен, бізге 2024 жылдың алғашқы айларында ауқымды жекпе-жектер қажет екенін айтқым келеді», - деді Шоу Sportskeeda-ға берген сұхбатында.

Ислам Махачев ММА-да 26 жекпе-жек өткізіп, 25 жеңіске жеткен. Чарльз Оливейра 43 жекпе-жекте 34 жеңіске жеткен.