Футболдан Түркия чемпионатының 11-турында «Бешикташ» сырт алаңда «Антальяспормен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының және «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов бұл ойында негізгі құрамда алаңға шығады.

Матч елорда уақытымен 22:00-де басталады.

Айта кетейік, «Бешикташ» он ойыннан кейін 19 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр.